Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың көбейіп кеткенін ескертеді

Теги: ,
429

Қазақстан Ұлттық банкі қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттердің қарқын алғанын, банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін және халықпен қолма-қол есеп айырыспайтынын ескертеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Өздерін «полиция қызметкері» немесе «Ұлттық банк қызметкері» деп таныстыратын алаяқтар тұрғындарды алдап, несие, микрозайм рәсімдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аударуға арбайды. Мұндай схемалар алаяқтарды ұстау мақсатында банктік «науқан» деген сылтаумен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте іс-әрекеттерінің заңдылығын растамақ болып «Ұлттық банктің жалған қызметкеріне» қоңырау шалған болады, қызметкердің жалған куәлігін де көрсетеді.

Алаяқтық әдістердің тағы бір түрі – Ұлттық банк әзірлеген жеке инвестициялық бағдарламалар деп аталады. Мұндай онлайн-платформаларда инвестициялар, жалған лицензиялар және құқық белгілейтін құжаттар туралы жалған ақпарат орналастырылған.

«Осыған байланысты Ұлттық банк мұндай адамдардан қоңырау түскен кезде лезде әңгімені үзіп, алаяқтар ойлап тапқан «операцияларды» жүргізуге қатыспау керек екенін ескертеді. Осындай заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн. Мобильді қосымшаларды орнатпау керек екенін, жеке деректерді жарияламауды, AnyDesk, Team Viewer секілді смартфонды қашықтан басқаратын қызметтерден сақ болуды сұраймыз. Қандай жағдай болмасын телефон арқылы берілген нұсқауларды орындаудан сақтанып, үшінші тараптың есеп шотына ақша аудармау керек. Себебі мұндай аударымдарды қайтару немесе оны даулау өте қиын» делінген ақпаратта.

Егер алаяқтардан күмәнді қоңыраулар түссе және жалпы мұндайлардан сақтану мақсатында кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.

Предыдущая запись
Необразованного и безработного шымкентца обвиняют в выводе из бюджета Костанайской области почти 96 млн тенге
Следующая запись
Ақтөбеде облысының 61 тұрғыны гепатитті стоматологияда жұқтырған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню