Ақтөбеде облысының 61 тұрғыны гепатитті стоматологияда жұқтырған

Теги: ,
182

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында созылмалы вирусты гепатит В-нің 88 жағдайы тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 63-ті құраған. Сырқаттанушылық шамамен 1,5 есеге өскен. Айта кету керек, 61 адам вирусты тіс дәрігеріне барған кезде жұқтырған. Қалғандары сұлулық салондары мен шаштараздарда сырқаттанған көрінеді. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидиологиялық бақылау комитетіндегілер хабарлады.

Гепатит В вирусы бауырдың зақымдануынан туындаған жұқпалы ауру, ол көбінесе терінің сарғаюымен және метаболизмнің бұзылуымен байланысты. Инфекция кейіннен созылмалы гепатит пен бауыр циррозына әкеледі. Инфекция көзі – әртүрлі клиникалық аурулары бар адам және созылмалы тасымалдаушылар. Инфекцияны жұқтыру механизмі: парентеральды және қан арқылы.

«Сұлулық салондарында, шаштараздарда зарарсыздандыру режимін бұза отырып, қайта пайдалануға болатын құралдарды қолданған кезде гепатитпен ауыру қаупі бар. Маникюр, педикюр, пирсинг, тату жасау, қырыну, құлақ тесу кезінде де қолданыстағы заттардың стерилизациядан өткендігіне аса мән беру қажет. Мамандар шеберден құралдардың өңделгенін не өңделмегенін алдын ала білуді ұсынады, оны стерилизацияның тиісті журналында қарауға болады» делінген комитет мәліметінде.

Мәселен, салонға алғаш рет келгенде, құралдардың қалай зарарсыздандырылғанын көрсетуді, маникюр жасау уақытында гепатиттен қандай қорғаныс бар екенін кезең-кезеңімен түсіндіруді сұраудан қысылмаңыз. Косметикалық қызметтер (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, тату жасау және басқалар) кезінде кемінде үш жиынтық қолданылуы шарт. Егер сізге зақым келсе, дер кезінде антисептикті пайдаланған жөн.

Предыдущая запись
Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың көбейіп кеткенін ескертеді
Следующая запись
Жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушісі жауапқа тартылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню