Қазақстан өнімді экспорттау үшін Халал стандарттарын белсенді енгізуде

309

​Мемлекет басшысы Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуде отандық агроөнеркәсіптік индустрияда тек ет пен сүтке ғана емес, дәнді дақылдарға, көкөністерге, жемістерге және басқа да азық-түлік өнімдеріне де Халал стандарттарын қолдану керектігін атап өтті.

Бұл қадамдар, мамандардың пікірінше, біздің елімізге халықаралық нарықта өз ұстанымдарын нығайтуға, ал содан кейін күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 13 Халал ұлттық стандарты қолданылады. Биыл 16 стандарт әзірленуде. Оның ішінде ағымдағы жылы қабылдау жоспарланып отырған 5 ұлттық стандарт және 11 мемлекетаралық стандарт бар.

Осы Халал ұлттық және мемлекетаралық стандарттары Халал өнімдеріне арналған жалпы ережелер, Халал сертификаттау органдарын, зертханаларын аккредиттеу талаптары, менеджмент жүйесі және тағамдық тізбек және т.б. секілді бағыттар бойынша әзірленеді.

Осы стандарттарды әзірлеушілер ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартпен бірлесіп 101 «Тағамдық, Халал өнімдері мен қызметтердің азық-түлік қауіпсіздігі» техникалық комитеті болып табылады.

Стандарттар әзірлеу сатысында және олар бекітілгеннен кейін ҚазСтандарттың ақпараттық ресурстарында ашық қолжетімділікте болады, осылайша тұтынушылардан бастап өндірушілер мен қызметтерді жеткізушілерге дейінгі барлық мүдделі тараптардың олармен танысу мүмкіндігі болады.

Бұдан басқа, 2022 жылғы қазан айында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Катар стандарттау жөніндегі бас ұйымы арасында халықаралық қағидаттар мен нормалар негізінде стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум елдер арасындағы осы салалардағы ынтымақтастықты нығайтады, Қазақстанның экспорттық әлеуетін іске асыруға және Катар нарығына қауіпсіз және сапалы өнім жеткізуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:

Негізгі секторлардағы 2021 жылғы жаһандық халал экономикасының көлемі:

Тамақ өнімдері – 2 трлн АҚШ доллары

Фармацевтика және косметика – 160 млрд АҚШ доллары

Исламдық сән – 280 млрд АҚШ доллары

Туризм – 194 АҚШ доллары

Медиа және ойын-сауық – 222 млрд АҚШ доллары

Исламдық қаржыландыру – 2,89 трлн доллар

Предыдущая запись
Глава МИИР РК в индустриальной зоне «Тассай» в Шымкенте ознакомился с ходом строительства промышленных предприятий
Следующая запись
Астанада Республика күніне орай 3,5 мың атыстан тұратын мерекелік отшашу өтеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню