316
Сауд Арабиясында ресми сапармен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram-каналы ақпарат таратты.
«24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді. Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді» делінген ақпаратта.