382
Ұялы байланыс абоненттерінің саны 4,5%- ға өсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
Қыркүйек айында Қазақстандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны 25 286 мың бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға көп (2021 жылғы қыркүйекке — 24 207 мың). Интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны 17 427 мың бірлікті құрады.
Ал 100 адамға шаққандағы ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 129 бірлікті құрайды, оның ішінде 89 абонент интернет желісіне қосылған.