375
Батыс Қазақстан облысында қант диабетімен сырқаттанып жүрген науқас жергілікті емшіге қаралып, оның тағайындаған емінен соң ауруханадан бір-ақ шықты.
Жергілікті тұрғынға Қазталов аудандық ауруханасында шұғыл түрде операция жасалынды.
Медицина мекемесіндегілердің мәліметінше, қант диабетіне шалдыққан науқастың бұған дейін бір аяғы ампутацияланған екен. Сырқаты маза бермеген соң дәрігерден гөрі емшіге барған. Алайда одан кейін оның дерті асқынып, ауруханаға түскен. Ақ халаттылар науқастың жағдайы бірқалыпты екенін, қант деңгейі біртіндеп түскенін айтып отыр.