БҚО: үш ауданда хирург жоқ

Теги: ,
329

Басқа аудандардың да жағдайы мәз емес. Тағы бес ауданда тіпті анестезиолог-реаниматологтар да жоқ екен. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірдегі емдеу мекемелерінде 1 716 дәрігер мен 6 576 медқызметкер жұмыс істейді. Осыған қарамастан, батыс аймақ білікті мамандарға мұқтаж.

— Басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл тұрғындарына облыс орталығынан арнайы мамандар бригаласы жіберіледі. Түрлі ота жасайтын дәрігерлер тобы бүгінде төрт ауданда болып қайтты. Қазір Ақтөбе мен Алматыдағы дәрігерлер даярлайтын жоғары оқу орындарында 14 резидент білім алып жатыр. Олардың ішінде болашақ хирургтер мен анестезиологтар бар. Бірақ аудандық ауруханаларға білікті мамандар жетіспейді. Сондықтан аудан әкімдеріне жас мамандардың жағдайын жасап, баспанамен қамтуын сұраймыз, — дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков. Басқарма басшысының айтуынша, жыл сайын жергілікті бюджеттен медициналық оқу орындарына гранттар бөлінеді. Қазір 169 студент қазына есебінен білім алып жатыр. Бірақ өңірдегі маман тапшылығы 2014-жылдан бері шешілер емес.

Предыдущая запись
Суд над экс-министром: Биртанов обратился к президенту
Следующая запись
Многодетный отец открыл бизнес после получения гранта

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню