326
15 жүк көлігіне тиеліп, Алматыдан Ресейдің Пенза облысына жөнелтілген бұл тауарлар — қосымша дәрілік заттар, антисептиктер, жеке қорғану құралдары. Бірақ мұндай бұйымдарды тауарлық-ілеспе құжаттарынсыз елімізден әкетуге тыйым салынған. Бұған қоса, тасымалдаушының халықаралық үлгідегі құжаттары да талапқа сай еместігі анықталды. Осыны алға тосқан БҚО және Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері тауарды иесіз деп танып, мемлекет меншігіне беруін сұраған. Сот шағымданушы тараптың талабын қанағаттандырып, 1 млрд теңгенің тауары енді мемлекет пайдасына берілетін болды.