Баласын 1-сыныпқа қабылдауға өтініш берген ата-ананың 70% қазақ тілін таңдаған

Теги: ,
485

Елімізде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға өтініш беру жалғасып жатыр. Оқу-ағарту министрлігіндегілер, өтініштерді қабылдау 1-тамызда аяқталатынын мәлімдеді. Күні бүгінге дейін балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

«Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталған болатын. Ал құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады. Одан кейін мектептерге сыныптарды қалыптастыруға сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуге және оқу үрдісін ұйымдастыруға уақыт беріледі. Қазір көптеген мемлекеттік білім беру қызметі электронды форматта қолжетімді, сол себепті egov.kz веб-порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыру мүмкіндігі бар»,-деді министрліктегілер.

Балаларды қазақ сыныптарына қабылдау бойынша жоғары көрсеткіш Қызылорда (89,7%), Батыс Қазақстан (85,4%), Маңғыстау (87,6%) және Жамбыл облыстарында байқалады.

Жаңа оқу жылында 405-410 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады деп жоспарланып отыр.

Предыдущая запись
«До» и «после» от столичного акимата
Следующая запись
Земля «ушла»: в столице под землю провалился тротуар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню