Бас прокуратура Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс себебін айтты

Теги: ,
331

Бас прокуратура Қостанай қаласында болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеруді жалғастыруда. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 килограмм оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған. Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған.

«Сарапшылар жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы болды, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтауда» делінген мәліметте.

Еске салсақ, ағымдағы жылғы 3 қыркүйек күні Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде жарылыс болып, арты өртке ұласты. Салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қайтыс болды. Олардың барлығы дүкен қызметкерлері. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды.

Предыдущая запись
В третьем мегаполисе задержали любителя живописи
Следующая запись
Пожарное депо в Шымкенте сдадут в следующем году

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню