Батыс Қазақстан облысы: 4 айда 50 сәби шетінеген – Денсаулық сақтау министрі

Теги: ,
247

Бұл көрсеткіш былтырғы деректермен салыстырғанда 16 оқиғаға көп. Осылайша сәбилердің шетінеуі 70% артқан. Қайғылы оқиғалардың жиілеуін мамандар туабітті аурулар, жұқпалы және тыныс жолдары ауруларымен байланыстырады. Биылдың өзінде коронавирустан үш айлық екі бала көз жұмды, — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Оралға іс-сапармен келген министрдің айтуынша, Батыс Қазақстан облысының дәрігерлері шала туған балаларға көрсетілер медициналық көмектің сапасын жақсартып, түрлі патологияны ерте анықтауға күш салуы тиіс:

— БҚО перинаталдық орталығында туа біткен ауруды ерте анықтау үшін жатырдағы ұрықты қорғайтін пунктті ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар көп бейінді аурухананың құрамында жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсететін перинаталды бөлімше ашу жоспарладық, — дейді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, сәуір айында он күннің ішінде екі жүкті келіншек көз жұмып, балалары жетім қалды. Туыстары бұған дәрігерлердің салғырт-салақтығын кінәлап, сотқа береміз деп отыр.

Предыдущая запись
Түркістан облысының полицейлері «көкнардың» кезекті ірі егістігін жойды
Следующая запись
«Астана Опера» Шымкент төрінде

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню