Батыс Қазақстан облысы: ауылға кірген қасқыр төрт адамды талады

Теги: ,
486

Оқыс оқиға БҚО, Шыңғырлау ауданындағы Шоқтыбай аулында болған. Тұрғындар көшеде қасқыр жүргенін Whatsapp арқылы бір-біріне хабарлапты. Бірақ ол уақытта жыртқыш бірнеше адамға шабуыл жасап үлгірген. Бұған шыдай алмаған ауыл азаматтары жиналып, қасқырдың көзін жояды. Бүгінде жыртқыштың басы аудандық ветеринарлық стансаға тапсырылған. Мамандар енді қасқырдың құтырған-құтырмағанын анықтауы тиіс. Ал қасқыр талаған үш тұрғын мен бір бала дәрігер көмегіне жүгініпті.

— Үш адам толық екпе алып, үйлеріне жіберілді. Ал қасқырдың тісі қолына тиген бір әйел ауруханада емделіп жатыр. Олардың бәріне де ем-дом жасалады. Оған қоса, қасқырмен байланыста болған тағы 6 адамға екпе егілді, — деді Шыңғырлау аудандық ауруханасының бас дәрігері Қылыш Жазықбаев.

 

Предыдущая запись
Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Следующая запись
Атырауда екі тәулік бойы тоқтаусыз жауған нөсер салдарынан үйлер мен аула аумақтарын су басты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню