Батыс Қазақстан облысы: киіктің текесін тірілей ұстап алған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Теги: ,
341

Киіктің текесін тірілей ұстап алған азаматты «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының қызметкерлері тоқтатқан. Чапаев-Жаңақала тас жолының бойында инспекторлар тоқтатқан «Нива Шевроле» көлігінен бір бас киік текесі табылды. Көлік иесі ақбөкенді сымға оралып қалған жерінен тауып алдым деп ақталыпты. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі (киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәлі адам дүние-мүлкі тәркіленіп, 3-5 жылға бас бостандығынан айрылады. БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Райымбек Шампаев киік текесінің құны 4 млн 594,5 мың теңгеге бағаланатынын айтты. Биылғы әуе санағынан кейін мамандар өңірдегі киік саны 801 мыңға жеткенін анықтаған еді.


Предыдущая запись
Как правильно зашивать людей и почему важно постоянно учиться – необычный проект в Караганде
Следующая запись
Орал: қала әкімдігінің шенеуніктері жетімдердің пәтерін басқаға таратып бергенін мойындамады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню