БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫНДА 10 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Теги: , ,
204

Салынып жатқан нысандарды аралау барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар аулалар мен ойын алаңдарын аралады.

Әлия Молдағұлова көшесіндегі № 44 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында салынып жатқан балалар ойын алаңдары жақын арада, шілде айында пайдалануға беріледі. Қазір мердігерлер оларға қауіпсіз ойын элементтерін орнатуда.

Жалпы, Абай ауданында биыл «бюджет халықтың қатысуымен» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 85% аяқталды. Толық аяқталған соң нысандар пайдалануға беріледі.

Жалпы Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері барлығы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңы салынды.

2021 жылы 21 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, 12 спорт алаңын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қорының демеушілік көмегі есебінен төрт спорт алаңы орнатылды.

Биыл республикамыздағы 34 көпқабатты үйдің ауласында балалар ойын алаңы салынуда. Алаңның құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер ұйым нысанды бір ай ішінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді.

Шымкентте, басқа өңірлердегі сияқты, «халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын іске асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бюджетті жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылы қалада «халықтық қатысу бюджеті»жобасы сәтті енгізілді. Қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкімет» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, жауап ала алады. Жобаның мақсаты-қала тұрғындарын жеке ауданның аумағын абаттандыру, дамыту бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне тарту арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Предыдущая запись
В Шымкенте в рамках бюджета участия ремонтируют дворовые площадки
Следующая запись
Самая востребованная вакансия по версии Минтруда

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню