Боксшы Василий Левит антикор қызметкерлерінің қатарына қосылды

Теги: ,
275

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің қатарына қосылды.

Боксшы ведомствоға қарасты қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады.

Василий Левит 1988 жылы дүниеге келген. Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары.

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

  • Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.
Предыдущая запись
Как проголосовали в ДНР и ЛНР за присоединение к России
Следующая запись
Какой из детсадов Казахстана получит госзаказ?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню