Дала өртін сөндіру кезінде қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына үй беріледі

Теги: ,
383

Абай облысындағы Жарма ауданы, Бозжырау ауылдық округінде дала өртін сөндіру кезінде қайтыс болған қызметкердің отбасына пәтер берілетін болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Жергілікті компаниялардың бірі марқұмның жанұясына 3 бөлмелі үй береді.

Айта кетейік, Абай облысындағы Үржар, Абай, Жарма, Бесқарағай, Ақсуат аудандары мен Семей қаласында дала өрті орын алды.

Жарма ауданындағы қызыл жалынды сөндіру кезінде 3 өрт сөндірушіні күйік шалып, жедел ауруханаға жеткізілген. Алайда оның бірі қайтыс болды. Марқұм Айдос Тоғызбаевтың артында әйелі мен бес баласы қалды.

Қайтыс болған өрт сөндіруші азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бері еңбек еткен. 36 жастағы сержант ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылған.

Предыдущая запись
«Лондонский мост рухнул»
Следующая запись
Сарыағашта жезөкшелер притоны анықталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню