Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданындағы жезөкшелер ордасын анықтады. Жедел уәкілдер Сарыағаш қаласындағы үйлердің бірінде притон ұйымдастыруға күдікті жергілікті тұрғын мен жеңіл жүрісті қызды полиция бөліміне жеткізді. Бойжеткен Өзбекстан Республикасының азаматшасы екені белгілі болды. Polisia.kz жазуынша, айғақты зат ретінде ақша қаражаты алынды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Еске салсақ, Түркістан облысында “Stop-трафик” іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – жедел жағдайды жақсарту бойынша шараларды жандандыру, жеке адамға қарсы қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық пен адам саудасы деректерінің жолын кесу.