Парламент Мәжілісінде ауылды жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтаудың ағымдағы жай-күйін сипаттайтын негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы хабардар етті. Сондай-ақ ауылдағы денсаулық сақтауды дамыту перспективаларын белгіледі.
Мәжілісте министр әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін аурулар мен асқынулардың дамуын болдырмайтын бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Министрдің айтуынша, жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаулармен қамту ұлғайды, көрсеткіш 82% — (2021ж. — 80%) құрады. Жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 11% — ға 10 аптаға дейін өсіп, 40%-ға жетті (2021ж. — 36%), бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақтылы анықтауға және болжауға мүмкіндік береді.
Ауруларды және даму бұзылыстарын уақытылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 миллионнан астам баланы қамтитын профилактикалық қарап-тексерулер, 1,6 миллионнан астам ерте шақтағы балаларды скринингтік зерттеулер жүргізіледі.
Бүгінде ауылдарда 7,8 млн адам тұрады. Бұл ел халқының 41%-ын, оның 38%-ын балалар, 62%-ын ересектер құрайды. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым, оның ішінде 2 мыңнан астам медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1000-нан астам дәрігерлік амбулатория, 200-ге жуық емхана және 200 аурухана медициналық көмек көрсетеді.
«Ауыл тұрғындарының денсаулығына келетін болсақ, жиі жағдайда 42,7% тыныс алу ағзаларының, оның ішінде, ас қорыту жүйесі – 9%, несеп-жыныс жүйесі – 6,3%, қанайналым жүйесі ауруларынан– 5,4%, жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан-4,6% зардап шегеді, онкологиялық аурулар-1% құрайды»,-деді министр.