​Адам лық толы автобуста отырып сабақ оқыған оқушы желіде жұлдыз болды

Теги: ,
352

Жолаушылар лық толы қоғамдық автобуста отырып сабақ оқыған мектеп оқушысын желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Оның видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында бөлісті.

«Барлығының арманы отыру, бұл бала ақылды екен. Отыратын орын тауып, сабағын тындырып жатыр» деп жазды автор.

Видео ине шаншар бос орны жоқ қоғамдық автобус ішінде түсірілген. Мектепте оқитын ұл бала автобустың ең артына артқы орындығынан өтіп алып, сабақ оқып отырады.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары баланың пысықтығына риза болды.

«Ақылды екен өзі», «Амалын тапқанына шүкір», «Оқимын десе, қай жерде болсын бала сабақ оқиды», «Бұрын мен де осылай отырып сабақ қарайтынмын», «Болашақта әкім боп кете ме екен?», «Оқымысты өзі, жаным сол», «Алла тіл-көзден сақтасын», «Өскенде биіктен көрініп, ата-анаңды қуантып жүретін азамат бол» деп жазды желі қолданушылары.

Предыдущая запись
​Денсаулық сақтау министрі ауылдарда жиі кездесетін ауруларды атады
Следующая запись
​Түркістанда ауыл тұрғыны егін шаруашылығына қолайлы құрылғы ойлап тапты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню