Екі орыс жігітінің өзара қазақша судай сөйлескені көпті риза етті

Теги: ,
302

ТікТок желісінде екі орыс жігітінің өзара қазақ тілінде сөйлескен сәтінің видеосы пайда болды. Олардың бірі дүңгіршекке келіп, сауда жасамақ болады. Осы сәтте сатушымен «Ассалаумағалейкум» деп мұсылманша сәлемдескен жігіт екі капучиноға тапсырыс береді.

Сатушы да орыс ұлтының өкілі, қазақ тілінде жауап қайтарады.

Сатып алушы кофені қантсыз керектігін айтып, бағасын сұрайды. Сатушы «1900 теңге» деп жауап береді.

Оларды видеоға түсіріп тұрған белгісіз азамат орыс ұлтының өкілі болғандықтан неліктен орыс тілінде сөйлеспейтіндерін сұрайды.

«Қазақстанда тұрып жатырмыз ғой»,-дейді кофе сатып алған ер азамат.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары қос жігіт өз елінің патриоттары екенін алға тартты.

«Базар жоқ», «Жарайсыңдар, еркек», «Тамаша», «Алға, жігіттер», «Қазақ тіліне көрсеткен құрметтеріңіз үшін алғыс айтамын», «Міне, бір шаңырақтың астында осылайша тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін», «Жаным сол, нағыз қазақтар ғой бұлар», «Өзгелерге үлгі боларлық іс», «Өзіміздің орыс бауырларымыз», «Біздің елде дәл осылай болу керек», «Мәссаған, қазақша күшті сөйлеп қояды», «Мен де қазақша үйренгім келеді» деп жазды желі қолданушылары.

Предыдущая запись
Шымкентте үздік полиция қызметкерлері марапатталды
Следующая запись
В третьем мегаполисе прошла встреча, посвященная здоровому образу жизни

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню