Елімізде некені тіркеу мерзімі екі есе қысқаратын болды

Теги: ,
402

Қазақстанда енді некеге тіркеу мерзімі 15 күнге қысқармақ. Әділет министрінің ағымдағы жылдың 28 маусымындағы бұйрығымен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Некеге отыруға ниет білдірген адамдардың келісімі бойынша тіркеуші орган некені тіркеу күнін тағайындайды. Бұл туралы өтініште, сондай-ақ өтініштерді есепке алу журналында белгі қойылады.

Неке бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

«Тіркеуші орган бастығының шешімімен неке келесі жағдайларда 15 күнге дейін қиылуы мүмкін: жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар. Барлығы құжат жүзінде расталуы тиіс. Тіркеуші орган бастығы некеге тұру мерзімін ұзарта да алады. Бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс» делінген құжатта.

Тек жекелеген жағдайларда мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкiн. Күнтізбелік он бес күнді қысқарту туралы немесе ұлғайту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде оның мiндетiн атқарушы адам неке қию туралы өтінішке қарар түрінде бередi.

Предыдущая запись
Билет алуға ақшасы болмаған ер адам пойыздың төбесіне отырып үйіне жетпек болды
Следующая запись
ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ АБАТТАНДЫРЫЛЫЛУДА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню