​Елордада ерлі-зайыптылар Telegram арқылы есірткі сатып келген

Теги: ,
287

Нұр-Сұлтанда есірткі бизнесі бойынша интернет-дүкен желісінің жолы кесілді. Бұл туралы ІММ өткен брифингте белгілі болды.

Ведомства өкілі Ақтоты Боранованың айтуынша, полицейлер Telegram арқылы есірткі сатып келгендерді әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған. Тәртіп сақшылары алдымен интернет-дүкен парақшасы әкімшісінің жеке басын анықтаған. Оны бақылау алып аңду кезінде есірткі бизнесіне қатысты өзге де күдіктілерді белгілі болған.

Спикердің мәліметінше, қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы бір мезетте екі мекенжайда жүргізілген. Интернет-дүкен иесі синтетикалық есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталған. Ал көлігінен сатылымға шығаруға дайындалған мефедроның 60 орамасы табылыпты. Ол ескірткіні сыраның умаждалған қаңылтыр банкасына жасырып, көлікке тыққан. Дәл осы кезде пәтерден интернет парақша әкімшісі — әйел азамыт құрықталған. Тінту жұмыстары кезінде бұл пәтерден мефедронның 157 дозасы, есірткі салынған пластик науа, қарасора шайыры салынған 886 капсул табылған.

«Осылайша ерлі-зайыптыдан 3 келі мефедрон және 260 грамм қарасора шайыры тәркіленді. Осының арқасында елорда көшелеріне жасырылуға тиіс болған 10 мың доза есірткінің жолы кесілді. Олардың мефедронды қайдан алып келгені белгілі болды. Мемефдрон жеткізушілердің байланыс арналары пысықталып жатыр. Күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар 15 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін», — деді ІІМ өкілі.

Предыдущая запись
​В долгах как в… Акимат Кызылординской области должен учителям, детским садам и ЕБРР
Следующая запись
​Биыл 1-сыныпқа қанша бала баратыны белгілі болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню