374
Әлеуметтік желілерде енді педагогтарға төленетін қосымша үстемақы алынып тасталғаны туралы ақпарат тарады. Оқу-ағарту министрлігі тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, бұл шындыққа сай келмейді.
«Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып жатқандар бар. Қосымша төлемдер бұрынғыдай төлене береді. Осы ретта атап өтерлігі, 2023 жылдың қаңтарынан бастап Президент тапсырмасы бойынша жалақы 25%-ға өседі. Сәйкесінше лауазымдық жалақыға байланысты төлемдер де пропорционалды түрде өседі» деп атап өтті министрліктегілер.