Есірткінің түр-түрін үйінде сақтаған Шымкент тұрғыны сотталды

Теги: ,
508

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол «Алаш» базары аумағында жедел іс-шаралар жүргізу барысында құрықталған болатын.

Тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру барысында күдіктінің үйінен қосымша аса ірі көлемдегі тағы бірнеше есірткі заттары тәркіленіп алынған.

Жүргізілген сараптама нәтижесімен күдіктіден алынған есірткі заты «кептірілген марихуана» екендігі анықталып, салмағы 997 грамды құраған. Ал оның үйін қарау барысында әр қаптамаға оралып салынған заттар сараптама нәтижесімен 14 кг 822 грамдық «кептірілген марихуана», 466 грамдық «гашиш», 20 грамдық «тетрагидроканнабинол» және 4 кг 112 грамдық «кептірілген марихуана» есірткі заттары екендігі анықталды.

«Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Заңға қайшы екенін біле тұра, бұл есірткі заттарды өзінің жеке басына пайдалану үшін алғанын, сақтағанын, тасымалдағанын айтып көрсеткен. Сот үкімімен ол Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалды» деп атап өтті Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Нутрициолог развеял общеизвестные мифы о диетах
Следующая запись
Жетісуда Lexus 470 көлігі аударылып, ерлі-зайыптылар мерт болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню