Халықпен кездесуге келген прокурор тұрғынға: «Керек едің сен маған»

Теги: ,
239

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Таимбетов халықпен кездесуге келген сәтінде тұрғындардың біріне түсірілім жасауға тыйым салды деген видео пайда болды. Оны Еділов Telegram каналында жариялады.

Ондағы мәліметке сенсек, облыс прокуроры Шал ақын ауданының халқымен жер телімдеріне қатысты мәселе бойынша кездесуге келген. Тұрғындардың бірі кездесуді видеоға түсіріп тұрғанын байқаған прокурор түсірілім жасауға тыйым салады. Алайда ер кісі халық бұл мәселені халық көріп-білуі қажеттігін айтқанда прокурор «Бүкіл халық сенің проблемаңмен өмір сүріп жатыр деп ойлайсың ба?» деп ұрсып береді.

«Бұны қарап шешуіміз керек. Мәселені саясиландырудың қажеті жоқ. Мінезіңді қалтаңа салып қой. Шешілетін нәрсе шешіледі. Проблемаң бар ма, шеш заңмен. Ойнап жүр екенсің үндемегенге»,-дейді прокурор.

Аудан тұрғыны мәселесі заң аясында шешілмей жатанын айтып, прокурордың дөрекілік сөзіне «Мені қорқытып отырсыз ба?» деп сұрайды.

«Не қыламын қорқытып? Керек едің сен маған. Бар, онда. Мен сенімен емес, халықпен кездесуге келдім»,-дейді облыс прокуроры.

Ал ер кісі бұл кездесуге тұрғын ретінде келгенін, өзі де халықтың бірі екенін айтады.

Бұл диалогтың соңы немен біткені белгісіз. Дәл осы сәтте видео үзіледі.

Предыдущая запись
Правительство РК считает Тайвань неотъемлемой частью Китая
Следующая запись
Украл и удерживал: полицейские Шымкента отказались возбуждать уголовное дело

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню