ІІМ орынбасары Түркістандағы жедел басқару орталығының жұмысымен танысты

Теги: ,
202

Ішккі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов іссапармен Түркістан қаласында болды. Полиция генерал-майоры қызметтік сапарын департаменттегі арнайы мақсаттағы көліктерді тексеріп, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бақылаудан бастады. Одан кейін жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ жаңадан іске қосылған «Қорғау» бағдарламасының жұмысын қадағалады.

Орталық бастығы, полиция подполковнигі С.Бахтығалиевтің айтуынша, облыста 1400-ден астам бейнебақылау камерасы бар. Оның 1126-сы жедел басқару орталығына қосылған.

«Жыл басынан бері осы камералардың көмегімен 63 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 115 қылмыстың ізі суымай ашылды. Ал» Қорғау» бағдарламасымен қарқынды жұмыс жасалуда деп айта аламыз. Мәселен, айыптұраққа 1100-ден аса көлік қойылды. Жалған мемлекеттік нөмір таққан 21 көлік анықталды. Темір тұлпар тізгендеуге құқығы жоқ бола тұра, басқарған 104 дерек тіркелді. Жалпы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын сақтау, жол-көлік оқиғаларын азайтуда бейнекамералар өз септігін тигізуде. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстағы 951 мектепке 11 мыңнан астам камера арнатылды. Оның 5 мыңнан астамы ЖБО-ға қосылған. Одан бөлек мектептерге 515 дабыл батырмасы қойылды»-деп орталық бастығы.


Одан соң министр орынбасары департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен кездесу өткізді. Мұнда вице-министр Мемлекет басшысының 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы кеңінен айтылды.

«Жолдаудағы бесінші бағдар «Заң және тәртіп», бұл — тікелей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға бағытталған. Елімізде алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі айналымы, басқа да қылмыстарды болдырмау, алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жандандыру қажет. Әсіресе профилактикалық іс-шараларды көбейтіп, құқық бұзушыларды қатаң бақылауға алыңыздар. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыруды да күн тәртібінен түсірмеңіздер! Ашық, қолжетімді полиция қағидатын іске асырып, «Жаңа қазақстанды» құруда бірлесіп қызмет етейік!»-деп атап өтті Ержан Саденов.


Өз кезегінде Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жедел шаралар уақтылы іске асып, Жолдауда айтылған тапсырмалар нәтижелі атқарылатынын жеткізді.

Кездесуден кейін іссапар облыс орталығындағы маңызды нысандарды аралаумен жалғасын тапты. Сонымен қатар ІІМ-нің орынбасары Полиция департаментінің жаңа ғимаратының құрылысымен танысты.

Предыдущая запись
Шымкентте ірі көлемде есірткі мен жалған валюта саудалаған адам сотталды
Следующая запись
ҰҚК Шекара қызметі: «Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуал бақылауда»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню