Интернет арқылы мұздатқыш сатып алмақ болған жас жігіт оңбай алданды

Теги: ,
401

Шымкентте интернет жарнамасы арқылы мұздатқыш сатып алмақ болған жас жігіт алаяқтың құрбаны болды. Ол Абай аудандық полиция басқармасына арызданған. Жәбірленуші Түркістан облысының 22 жасар тұрғыны.

Жас жігіттің айтуынша, бейтаныс азамат үйіндегі қолданылған мұздатқышын сатамын деп, «онлайн-дүкенде» тауар суретін жарнамалаған. Кейін екеуара хат алмасқан соң жәбірленуші оған 107 мың теңге ақшасын онлайн түрде аударып, соңында жер сипап қалған. Арада 5 ай өтсе де не ақшасын, не тауарды ала алмаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс шаралары кезінде күдіктінің жеке-басы анықталып ұсталды. Ол Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат оңай жолмен ақша табу мақсатында жәбірленушіні алдап, арбауына түсірген. Алған ақшаны өз пайдасына жұмсаған.

Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Предыдущая запись
Шымкентте экс-сотталғандарға жұмыс табуға көмектеседі
Следующая запись
Шымкентте күйеуімен ренжісіп қалған келіншек құлап өлмек болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню