339
Алматы қалалық соты қаңтар оқиғасы бойынша күдікті болып отырған Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімінін тағы бір айға созды.
«21 шілде күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін созып, оны қамау мерзімі — 2022 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды» деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Қайрат Құдайберген сәуір айының соңында ұсталған болатын. Ол «Дикий Арма» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді.