Көп балалы ана: «Қайтарылмайтын грант – амандықтың бастауы»

Теги: , ,
470

33 жастағы Күлжайна Қалдарова төрт баланың анасы бола тұра, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып, тиісті сертификат алды.

Ол 2022 жылдың 1 сәуірі мен 14 сәуірі аралығында қабылданған қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтінім беріп, кейін 26-28 сәуір аралығында өткен комиссия отырысында бизнес-жоспарын қорғады. Жоба мақұлданғаннан кейін көп балалы анаға грант қаражаты бөлінді. Күлжайна көп ұзамай алған ақшасына бизнесіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, жұмысқа кірісті.

«Қазір мемлекет өз кәсібін ашқысы келетін немесе бар кәсіпті дамытқысы келетіндерге түрлі жағдай жасап жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант – соның дәлелі. Бұл шағын кәсіп ашуға қаражаты жоқтар үшін айтарлықтай көмек. Мәселен, мен мемлекеттің арқасында кәсібімді бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл гүлденудің бастауы екеніне сенімдімін», — дейді грант иегері.

Айта кету керек, мемлекеттік қайтарымсыз гранттың бірінші кезеңіне 400-ден астам өтініш (онлайн) түскен. Оның 336-сы қаралды. Сайып келгенде, 226 бизнес-жоспарды комиссия мақұлдаса, 110-ы кері қайтарылды.

Предыдущая запись
Многодетная мать: «Безвозвратный грант – начало благополучия»
Следующая запись
Ақтөбе: қаңтарда әуежайға шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған үш жігітке сот үкімі шықты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню