649
Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында ел аумағына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан.
Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты оның төртеуінде кептеліс байқалуда.
Ахуал ерекше бақылауда. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.
«Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады» делінген хабарламада.