​ҰҚК шетелдіктерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Теги: ,
336

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер шетелдіктерден ақша бопсалады деген күдікпен қауіпті қылмыстық топ мүшелерін құрықтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірнеше кезеңнен тұратын жедел жұмыстардың нәтижесінде бір уақытта Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметін жұмылдыра отырып қоғамға қауіпті «Бейнеуліктер» қылмыстық тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция іске асырылды.

«Топ мүшелері «Тәжен» өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталды» деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді. Ұйымдасқан қылмыс тарапынан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Предыдущая запись
​Абай ауданының тұрғындары сапалы электр жарығына қол жеткізді
Следующая запись
В Алматинской области разыскивают подростка, пропавшего больше месяца назад

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню