​Кентауда мейрамхана қызметкері өз жұмыс орнына ұрлыққа түскен

Теги: ,
264

Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны өзі жұмыс істейтін мейрамханаға ұрлыққа түскен. Бұл туралы полицияға ресторан иесі арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу мейрамханаға есігін бұзу арқылы заңсыз кіріп, теледидар, дыбыс күшейткіш және колонка аппараттарын жымқырып кеткен. Кәсіпкерге 1 миллион теңгеден астам шығын келген.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде күдіктінің жеке басын анықталған. Ол жергілікті тұрғын, сол мейрамхананың қызметкері болып шықты.

«Ер кісі мейрамханада техникалық құралдарға жауапты адам болып жұмыс жасаған. Ақшадан қиналған ол жұмыс орнында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Қолды қылған заттарды танысына сатып жіберген. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Праздничный салют из 3,5 тыс. залпов на День Республики запустят в Астане
Следующая запись
Более миллиарда тенге потеряли казахстанцы в четырех финансовых пирамидах

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню