Үкімет басшысы: «Халыққа жылу уақытымен берілуі тиіс»

Теги: ,
258

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауаптыларға жылу маусымы уақытымен беріліп, көмірге қатысты проблема болмау керектігін тапсырды. Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты. Жиында жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралды.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың хабарлауынша, электр станцияларында 4 энергоблокта, 25 қазандықта, 23 турбинада жөндеу аяқталды. Ал 4 энергоблокта, 27 қазандық пен 16 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі сатыларда. Жылу беру кезеңіне қазандықты дайындау үшін 1073 қазанды немесе жоспардың 90%-ына жөндеу жүргізілген. Электр желілерін жөндеу бекітілген кестеге сәйкес аяқталуда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Электр станцияларында отын жинақтау жалғасуда: энергия көздері қоймаларындағы көмір қоры 3,9 млн тоннаны және 83 мың тонна мазутты құрайды, бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгінде 11 075 білім беру объектісі (жоспардың 99%-ы) ) және 5 566 денсаулық сақтау нысаны (98%) жылу беру маусымына дайын екенін айтты.

42 383 тұрғын үйде (88%) жөндеу жұмыстары аяқталып, сондай-ақ 11 мыңнан астам дербес қазандық (97%), 1 176 км жылу желілері (94%) және 2 031 км сумен жабдықтау және су бұру желілері (86%) жөнделген.

Көмір өндіруші компаниялар 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында 66,4 млн тонна көмір өндірді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106%-ды құрайды. Барлық өңірлерде көмірдің қоры қажетті мөлшерде жинақталған.

«Халыққа жылу уақытымен беріліп, көмір жеткізуге байланысты проблема болмауы тиіс. Көмір тапшылығы жыл сайын қайталанатын үйреншікті жағдайға айналып барады. Көмір бағасының күрт өсуі, уақытында жеткізілмеуі, өңірлерде көмір қорын дер кезінде жинап алмау – осының барлығы халықтың наразылығына алып келеді. Бұған жол беруге болмайды», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр жылыту маусымына дейін аз ғана уақыт қалғанын атап өтті.

«Солтүстік өңірлерге суық ерте түседі. Сондықтан жылыту маусымын қыркүйектің соңында бастау жоспарланған. Демек, дайындық жұмыстарын барынша тездету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Бұл ретте барлық жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, 1 қазанға дейін барлық жылу электр орталықтары мен дербес жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз ету керек.

Премьер-министр көмір жеткізушілермен белсенді байланыс жасап, тұрақты мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

Предыдущая запись
Журналистку признали виновной в неповиновении сотруднику полиции
Следующая запись
​В Шымкенте муж жестоко расправился с женой

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню