​Мүгедек жас жігіт 12 жыл құлдықта болған

Теги: ,
519

Абай облысында 12 жыл бойы еңбек құлдығында жүрген мүмкіндігі шектеулі жас жігіт табылды. Абай облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында адам еңбегін қанау фактісін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Жарма ауданы Шар қаласының полиция қызметкеріне аумағындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы қоңырау шалып, жаңа жұмысшы жалдағанын хабарлаған. Шаруа қожалығына келген тәртіп сақшысы жұмысқа жаңадан кіріскен жалдама жұмысшының құжаттарының жоқтығын анықтаған, сондай-ақ полицейге өзінің сауалнамалық деректерін де айта алмаған. Бір шикіліктің барын сезген тәртіп сақшысының бойын күдік ұялаған соң, иесі жәбірленушінің қасынан кеткен кезде оның тегін біліп алған. Одан әрі полиция қызметкері жәбірленушінің әпкесін анықтаған. Белгілі болғандай, ол бауырымен 2010 жылдан бері байланыс үзген. Ер адам Жарма ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Ол онда жұмыс істеген. Тергеу барысында 2010 жылдың қараша айынан бастап 26 жастағы ер адамның 11 шаруа қожалығында құлдықта болғаны анықталды. Бұған дейін бірнеше рет сотталған 54 жастағы Семей тұрғыны 26 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғынымен Тұғыл ауылына балық аулауға барғанда танысқаны мәлім болды. Физикалық тұрғыдан жетілген жас жігіттің психикалық ауытқуын байқаған ол жігітті шаруашылықта жұмыс күші ретінде пайдалану туралы ойға келген. Жәбірленушіні 12 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласы, Абай, Ұлан және Жарма аудандарындағы шаруа қожалықтарында жұмыс істеу үшін сатқан.

54 жастағы азамат шаруа қожалық иелеріне өзін жігіттің туысымын деп таныстырған. Олардан алдын ала жалақысын алып, қалтасына басып отырған. Жәбірленушінің жылдар бойы еңбегіне берілген ақы 2 млн теңгені құрады. Сонымен қатар ер кісі мүгедектің ай сайынғы зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік төлемдерін жымқырып отырған. Залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асады.

«Жәбірленуші туыстарына табысталды. Ал күдікті Жарма ауданының аудандық сотымен 128-бабының 2-бөлігі 2, 8, 11, 12-бөлектері (Адам саудасы) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-тармағының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен қауіпсіздігі орташада колонияда 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Предыдущая запись
В Павлодарской области всерьез озаботились борьбой с гнусом
Следующая запись
Заводы кабельной и керамической продукции хотят построить в Туркестане иностранные инвесторы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню