​Мемлекетке 39 млрд-қа жуық теңге шығын келтіргендер сотталды

Теги: ,
512

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдаған.

Агенттік мәліметінше, топ мүшелері 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы 135 млрд теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактуралар жазып, контрагенттер-сатып алушылардың бюджетке төленбеген салықтар түрінде мемлекетке 39 млрд теңгеге жуық шығын келтірген. Сондай-ақ, тергеу барысында контрагент-сатып алушылардың бақылаудағы компаниялардың банктік шоттарына түскен қаражаттары шетел компанияларымен жалған шарттар жасасу арқылы республикадан тыс жерлерге шығарылған. Онда шетел валютасындағы қайтарылмаған қаражаттың сомасы 6,6 млн АҚШ долларын құрағандығы анықталған.

«Сот үкімімен бес айыпталушының барлығы кінәлі деп танылды. Оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Тәркіленген 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне өндірілді» делінген мәліметте.

Предыдущая запись
Произведения казахстанских писателей переведут на популярные языки мира
Следующая запись
Еврокомиссия положительно оценила уровень безопасности полетов в Казахстане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню