​Министрлік далада қалған студенттерді іздестіріп жатыр

Теги: ,
291

Ғылым және жоғары білім министрлігі қиын жағдайға тап болып, далада қалған студенттерді іздестіріп жатыр.

«Жоғары оқу орындары студенттерін жатақханамен қамту мәселесі әрдайым министрліктің жіті назарында екенін айтқым келеді. Орын тапшылығын шешу үшін жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігі, жоғары оқу орындары, жергілікті әкімшіліктер мен жеке инвесторлар атсалысуда. Әсіресе алып мегаполистерде студенттерге арналған жатақханалардағы орын тапшылығы өткір тұрғанын әрдайым айтып келеміз. Оны жасырған да емеспіз және мәселені шешу жолдарын да ұсындық» делінген ведомство баспасөз хабарламасында.

Министрлік Алматыда жатақханада орын жетпей, қиын жағдайға тап болған студенттерге көмек көрсететін арнайы жедел штаб ашылғанын атап өтті. Қыркүйек айында 7 мыңнан астам студентті бос орындары бар жатақханаларға, қонақүйлер мен хостелдерге орналастырған. Ол штаб әлі де жұмыс істеп тұр. Орын таппаған студенттер тәулік бойы 8 778 655 60 83 байланыс телефонына хабарласа алады.

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс номеріне хабарласуға болады (Алматы, Астана).

Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе ашқан 1450 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Білім және ғылым мәселелеріне қатысты сұрақтарға сол жердегі мамандар жауап береді.

«Тағы бір айта кететін жайт, осы аптада еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында Қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады. Біз студенттерімізді далада қалдырмаймыз. Барлық өтініш-тілек пен арыз-шағым жауапсыз қалмайды» деп атап өтті министрліктегілер.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде жатақхана мен баспана мәселесіне тап болған студенттердің далада түнеп жүргені туралы видео тараған болатын.

Предыдущая запись
Шымкент қорғаныс істері департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Следующая запись
​ІІМ қазақстандықтарға келіп жатқан SMS туралы түсіндірді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню