Қоғамдық автобус жүргізушісі жол үстінде телефонмен ойын ойнап отырған

Теги: ,
291

Павлодарда қоғамдық автобус жүргізушісі көлік тізгіндеп келе жатып ұялы телефонымен ойын ойнап отырған. Оны жолаушылардың бірі видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Бұл оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді. Polisia.kz хабарлауынша, жүргізуші бұған дейін де тура осындай құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 591-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Ер адаммен профилактикалық әңгіме өткізілді, онда ол өз қателіктерін қайталамауға және жол қозғалысының барлық ережелерін сақтауға уәде берді», – деп атап өтті қалалық патрульдік полиция батальонының командирі Ринат Шарипов.

Жалпы Павлодарда биыл жыл басынан бері 1900 жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылған екен.

Предыдущая запись
Елімізде картоп бағасы қанша пайызға қымбаттағаны белгілі болды
Следующая запись
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню