«Оңтүстік жыр мектебі»: үшінші мегаполисте қандай жобаны қолға алу ұсынылуда?

Теги: , ,
414

Шымкентте дәстүрлі ән өнерінің келешегі талқыланды.

Мамандар дәстүрлі ән мектебінің өз орталығы – «Рухани жауһарлар» болуы керек деп есептейді. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен дөңгелек үстел басына ән жанрының майталмандары осындай ойды ортаға салды.


Қазақ өнерінде оңтүстік халқының дәстүрлі әндері әлі күнге дейін Жетісу, Арқа мақамы секілді бекітілмеген. Осы орайда мәдениет үздігі Әлімжан Серікбаевтың халық көптен бері атап келе жатқан «Оңтүстіктің ән мектебі» дәстүрлі атауымен қалу туралы ұсынысын барша өнерпаздар бірауыздан қолдады.

Тағы бір мәдениеттанушы Жақып Сыпатаев та таспалардан табылған Құтбай әндерінің ноталарымен бірге өткен ғасырдың орта шенінде оның орындауындағы Ташкент өңіріндегі атақты жыраудың жақында теледидар мұрағатынан табылған әндері қамтылған жаңа жинақтың шығатынын айтты. Мәдениеттанушы жаңа кітаптың дәстүрлі ән өнеріне тың дүниелер әкелетіні туралы пікірін білдірді.

Музыкатанушы Әміреқұл Әбуов мегаполиске музыка өнерін оқытатын іргелі оқу орны қажет екенін айтты. Мәселен, өнерпаз Рамазан Стамғазиев оңтүстіктің дәстүрлі ән мектебін елге белгілі ән мектептерінің деңгейіне жеткізе алады.

Кездесу соңында дөңгелек үстелге қатысушылар дәстүрлі ән орталығы болашақта еліміз бойынша ғылыми-зерттеу экспедицияларымен айналысып, көне шығармаларды жинақтау керек деген ойларын ортаға салды.

Предыдущая запись
«Школа песни Юга»: что предлагают ввести в третьем мегаполисе?
Следующая запись
Шымкент: как проходит референдум по поправкам в Конституцию

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню