Оқушылардың ағылшын мен орыс тілін қай сыныптан бастап оқитыны белгілі болды

Теги: ,
307

Жаңа оқу жылынан бастап қазақ тілінде білім алатын 1 сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» ғана оқиды. Ал орыс тілін 2 сыныптан, ағылшын тілін 3 сыныптан бастап меңгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің 2022-2023 оқу жылына арналған аппарат жиналысында айтылды.

Ведомства мәліметінше, 5 — 11 сыныптарда вариативтік компонентке «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіледі. Әдістемелік нұсқау хатта вариативті компоненттегі сағаттарды ұтымды пайдалану, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар көрсетілген.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды.

Предыдущая запись
Международный горный фестиваль Almaty Mount Fest удивит даже бывалых туристов
Следующая запись
«Түнгі 12-де келу керек»: ХҚКО-лар Шымкенттегі ұзын-сонар кезектің себебін түсірдірді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню