Орал қаласының тұрғыны Абзал Хамитов шағын трактор құрастырып шығарды.
Шағын техника ескі көліктердің бөлшектерінен жасалған. Мысалы, беріліс қорабы мен қозғалыс бөлшектері — «Москвичтікі», «Жигулидің» түтін шығатын тұрбасы мен жарықшамын қайтадан кәдеге жаратыпты. Ал рамасын темір құбырдан дәнекерлеген. Қозғалтқышқа ескі «ЗИД» мотор орнатылыпты. Өйткені оның құрылымы өте қарапайым әрі берік. Осыдан 40-50 жыл бұрын Кеңес үкіметі кезінде шопандар құдықтан су сору үшін қолданған құрылғы кәдеге жарап тұр ,- дейді Абзал Хамитов.
Абзал Хамитов — Орал қаласының тұрғыны
Бұл трактор ауылдағы ағайынға өте қолайлы. Өйткені бау-бақша егуге де, жер жыртуға да күші молынан жетеді. Соқа мен дән сепкішті тіркеуге, тіпті шөп тасуға болады. Шағын қожалық үшін таптырмас техника. Бұзылса жөндеу оңай. Өйткені бөлшектің бәрі темір базарында бар.
Абзал мұндай техниканы небәрі екі айда құрастыра алатынын айтады. Төрт дөңгелекті тапсырыспен алдырғанның өзінде небәрі 300 мың теңге жұмсаған, ал бұл зауыт өнімінен 33 есе арзан. Әрі жүргізу де оңай. Мектепте оқитын ұлы әкесі құрастырған тракторды меңгеріп алып, көршілер мен көшенің қарын тазалап, қолғабыс етіп жүр. Жетілдірілген жаңа техникада 8 аттың күші бар. Бұл — Абзалдың өзі құрастырып шығарған екінші тракторы. Бірақ құжаты жоқ. Мұны рәсімдеуге бюрократиялық кедергілердің тосқауыл болатынын айтқан тұрғын жазға салым үшінші техниканы құрастыруға кіріспек