Орал: БҚО билігі көлік жуу орындарына майдан ашты

Теги: ,
445

Қазір Орал қаласы судан қатты тарығып отыр. Өйткені Жайық өзені шаһарды тіршілік нәрімен толық қамтуға жеткіліксіз. Осының салдарынан облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің жоғары қабатына су көтерілмейді екен. Су үнемдемек болған жергілікті билік енді көлік жуу орындарын қатаң бақылауға алып, судың да сұрауы барын ескертпек. Себебі бұл жерде су орынсыз ысырап болады екен. Енді бұл нысандар суды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік беретін арнайы сүзгі орнатуы тиіс. Ал қалғандары талапты орындамаса, жабылуы тиіс. Бұл — БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің пәрмені:

— Халық суды үнемдемейді. Ауыз сумен бау-бақшаны суарады. Негізі бұл үшін техникалық су да жеткілікті ғой. Енді осының кесірінен жоғары қабат тұрғындары сусыз қалып отыр. Көлік жуу орындары арнайы сүзгі орнатып, суды бірнеше рет қолдануды үйренсін. Бұл талапты орындамайтындары жабылсын!, — дейді облыс әкімі.

Орал қаласын сумен қамтамасыз ететін «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Әнуар Аркеновтың айтуынша, қазір қалада 54 көлік жуу орнының 11-інде ғана осындай сүзгі орнатылыпты. 24 нысан жерасты суын пайдаланады. Ал қалғандарына осы талапты орындау туралы ескерту жасалыпты. Қаһарына мінген аймақ басшысы мұнымен де шектелмеді. Ендігі кезек жеке моншалар мен бассейндерге жетті. Әкім қаланы сумен қамтитын кәсіпорын басшысына осы нысандардың жұмысын тексеруді талап етті.

Предыдущая запись
Атырау облысы: Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі тасығаны рас па?
Следующая запись
В Шымкенте с 23 мая начнется прием заявлений на конкурс «Мерейлі отбасы»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню