445
33 жастағы жігіттің өліміне не себеп болғанын анықтау үшін енді сот-медициналық сараптама жасалады. БҚО денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, марқұм ауруханада көз жұмған.
Еске салайық, оқыс оқиға 20-наурызда болды. Көлік жөндеу орталығындағы дәретханаға абайсызда құлап кеткен азаматты құтқарушылар шығарып алып, ауруханаға жеткізген еді. Дәрігерлер оның күкіртсутегімен уланғанын анықтады.