Орал: энергетиктер токқа соғылған сәбидің өзін кінәлап отыр

Теги: ,
478

Батыс Қазақстан электр тораптары компаниясы өкілдері ойын баласы қоршаудың ішіне өзі кіргенін ресми түрде мәлімдеді. Демек, сәбиін қараусыз қалдырған ата-ана да жауапқа тартылуы тиіс.

— Ауылдағы қосалқы электр стансасының барлық есігі жабық болған әрі стансаның айналасы түгел қоршаулы. Бірақ балалар қоршаудың астыңғы жағынан кішкене қуыс жасаған. Сосын сол жерден ішке кіріпті. Қосалқы стансаның ішінде ойнап жүргенде кілттеулі тұрған ұяшықтардың бірін ашқан. Сол ұяшықтың ішіне кірем дегенде токқа түсіпті. Қазір осы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Қазір осы комиссия оқиға болған Жаңақазан ауылына шұғыл аттанып кетті. Енді қалған мән-жайды мамандар анықтайды, — дейді Батыс Қазақстан электр тораптары компаниясының бас инженері Асқар Ғайсин. Дегенмен мекеме өкілі зардап шеккен баланың отбасына материалдық көмек көрсеткенін жеткізді. Алдағы уақытта да осы отбасыны назарда ұстап, жәрдемдеспек.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында 4 жасар ойын баласы токқа түскен еді. Дәрігерлер өте ауыр халдегі бүлдіршінді құтқарып қалу үшін екі қолын иығынан кесіпті. Дәл осындай оқиғадан үш сағаттан кейін облыстың Казталов ауданында да қайталанып, алты жастағы ұл бала токқа соғылды. Трансформаторға қолын тигізген ол қазір дәрігердің ем-домын алып жатыр. Бүгінде полиция ҚР ҚК 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Предыдущая запись
Орал: студент жүкті әйелді көлік ішінде босандырды
Следующая запись
В РК существенно увеличена площадь кормовых культур

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню