562
Ол Оралдағы жеке компанияның қызметін тексеріп, заңбұзушылықтарға көз жұма қараған көмегі үшін осындай ақы талап еткен. Осылайша салықтық тексеру нәтижесін қолдан өзгерткен шенеунік қамауға алынды. Батыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің дерегінше, қазір оған 40 млн.теңге пара алды деген айып тағылыпты. Бірақ тергеу жұмыстары әлі аяқталмағандықтан, өзге ақпарат жария етілмей отыр. Күдіктінің кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді енді сот қабылдайды.