Орал: Шенеунікке 134 млн теңге пара берген күдіктінің үйіне жіберілуі мүмкін

Теги: ,
383

Айыпталушының қорғаушысы сотқа осындай өтініш түсіріпті. Олар бұл қылмыстық істі қайтадан прокуратура құзырына беруді сұрап отыр.

Еске салайық, Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаев 170 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған еді. Сот кезінде оның уағдалы 170 миллион теңгенің 134 миллионын қалтаға басқаны белгілі болды. Қаланың бас құрылысшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тоғыз қабатты екі үйді салып жатқан мердігердің жұмыс актілеріне еш кедергісіз қол қойып беруге уәде беріпті. Бұл құрылысқа 2,2 миллиард теңге бөлінген.

Арман Өксікбаевпен бірге «Сырласу» ЖШС жүргізушісі Александр Негметов та істі болды. Шенеунікке ақша берді деген күдікке ілінген оны қорғаушысы үйіне жіберуін сұрап отыр. Өйткені ауыр дертке шалдыққан жүргізушінің қамауда емделуі екіталай:

– Қамаудағы Александр Негметовқа 40 рет жедел жәрдем шақыртылған. Дәрігерлер оны тезірек емдеу керектігін айтады. Бұл үшін ол ауруханаға жатқызылуы керек. Тергеу изоляторында кім оны әлпештеп отырады? Александр Негметов сусамырмен ауырады, стенокардияның ауыр түріне шалдыққан, бұл аздай варикозы тағы бар. Дәрігерлер егер ол инсульт алса, өліп кетуі де мүмкін дейді. Сондықтан оны үйге жіберуіңізді сұраймын, — дейді қорғаушы Роза Жұмалиева. Арман Өксікбаевтың адвокат Тамара Сәрсенова да бұл қылмыстық істі қайта тергеу керек деп санайды. Оның айтуынша, шенеунік кәсіпкерден ақшаны ашық сұрамаған. Тек нысанды уақытылы бітіруін әйтпесе әкімге сөз келерін ескертіпті әрі тергеу кезінде де күдікті шенеуніктің қай жерде қанша ақша алғаны нақты дәлелденбеген.

Бірақ істі жүргізуші судья Асыланбек Дүйсенғалиев қорғаушылардың өтінішін аяқсыз қалдырды.

Предыдущая запись
Ақтөбе: жылыжайда қарасора өсірілген
Следующая запись
Бывшая сотрудница банка из Шымкента зарабатывает миллионы на червях

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню