Орал: шыбын-шіркейді улауға бөлінген қаржы мардымсыз

Теги: ,
605

Оралда шыбын-шіркейді улау басталды. Бірақ мердігер мекеме өкілі бұл іске бөлінген ақша өзге облыстардан әлдеқайда аз дейді. «Магтоксин» компаниясының қызметкері Данияр Базарбаевтың айтуынша, әр аймаққа бөлінген қаржы әр түрлі. Мысалы, Оралда 13 мың гектер жерді улауға 93 миллион теңге қарастырылса, Атырауда бұдан екі есе аз жерге 116 миллион теңге жұмсалады екен. Ал Нұр-Сұлтанның масасын улау үшін жылына 700 миллион теңге бөлінеді. Бұл қалалармен салыстырғанда Орал өңірінің жер бедері алуан түрлі. Сондықтан орман-тоғай мен өзен-көлдерді дәрілеу жұмыстары оңай емес. Әрі бұл қызметтің тарифі 6 жылдан бері өзгермеген. Одан бері доллар бағасы сан мәрте өсті, әлемдегі геосаяи ахуал да сан құбылды. Қалай десек те, мердігерлер шыбын-шіркейді улауға бөлінген 93 миллион теңгені 13 мың гектар аумаққа жеткізуі тиіс. Бұл аздай, оның қаншалықты тиімді болғанын енді қоғамдық кеңес мүшелері бақылайды. Әрі мердігер олардың ескертуін орындауға міндетті.

Ал БҚО энергетика және ТҮКШБ өкілдері мердігердің бұл уәжі негізсіз дейді. Өйткені бюджеттік өтінім 2021-жылы жолданып, ақша сол жылы қарастырылды әрі бұл қаржы жеткілікті деп есептелген. Демек мердігер 3 жылға келісімшарт жасалғандықтан, бүкіл шығынын алдын-ала болжап, қамдануы тиіс.

Предыдущая запись
«Следователи говорили: «Бомбите вайнеров! «: новые факты в деле финпирамиды
Следующая запись
Батыс Қазақстан облысы: Жүкті келіншектің өліміне кінәлі дәрігер үш жылға сотталуы мүмкін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню