Қостанай облысында рекордтық қысқа мерзімде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталуда

396

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын мәлім етті.

«Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады», — деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Шынында да, салыстырмалы екі фотосуретте бір айдың ішінде ен далада тұтас бір коттедждік ауыл қалай тұрғызылғаны байқалады.

Сондай-ақ, А.Мұхамбетов дайын үйлердің бірінің іші қалай көрінетінін видеосын жариялады.

Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ондаған мердігер ұйымдар кіріскені хабарланған болатын.

Құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.

Предыдущая запись
В Костанайской области в рекордно сжатые сроки завершают строительство домов для погорельцев
Следующая запись
Кондукторов трудоустроят

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню