Қостанайда мыңнан астам адам жабылып іздеген 5 жасар қыздың өлі денесі табылды

Теги: ,
576

Қостанайда жексенбі күні таңғы уақытта үйінен шығып, белгісіз жаққа қаша жөнелген 5 жасар Мәдина Ерланқызының денесі судан табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, бүлдіршіннің мәйіті дронның көмегімен жасанды су қоймадан табылған. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мәдина Ерланқызы аутизммен ауырады, сөйлей алмады. Жамбыл ауылында тұратын бүлдіршін 7 тамыз күні таңғы уақытта үйінен шығып, қашып кеткен. Ол ас үйдің екінші қабатының терезесінен шығып, газ құбырының көмегімен төмен түскен. Сол жерден ағашқа секірген. Оны көрген көршісі ағаштан түсуіне көмектесіп, үйіне алып келген. Осы кезде бүлдіршін ойын алаңына қарай қаша жөнелген.

5 жасар қызды іздеуге тәртіп сақшылары, Ұлттық ұлан мен шекарадағы әскери қызметкерлер және де еріктілер жұмылдырылды. Бүлдіршінді жалпы саны 1000-нан астам адам үздіксіз іздеді.

Предыдущая запись
Полицейлерден қашқан «Нива» жүргізушісі 5 жылға қамалуы мүмкін
Следующая запись
Елімізде жыл басынан бері 1400-ден астам жемқорлық қылмысы тіркелген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню