Қостанайда полицейлерді мазақ етіп, оның видеосын ТікТок-қа салған жігіт ұсталды

Теги: ,
407

Өзін полицейлер тоқтатқан қостанайлық жүргізуші тәртіп сақшыларына наразылығын білдіреді. Оларды мазақ етіп, тіпті былапыт сөздер айтады. Кейіннен оқиға орнынан кетіп қалады. Жүргізуші осы сәттің бәрін видеоға түсіріп отырған. Видео көп ұзамай ТікТок-та тарап кетті.

Облыстық Полиция департаментіндегілер бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, жас жігіт мемлекеттік нөмері жоқ көлікті тізгіндеген. Оны байқаған полицейлер тоқтатып, хаттама толтырмақ болғанда былапыт сөздерді жаудырған. Көп ұзамай жүргізуші ұсталған. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Жас жігіт мемлекеттік нөмері жоқ көлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылды. Ал тәртіп сақшыларын мазақ еткені және билік өкілін қорлағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалыпты.

«Жүргізушінің әрекеті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы (Заңды өкімге немесе талапқа бағынбау) бойынша қаралып жатыр. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 378-бабына (Билік өкілін жәбірлеу) сәйкес, тіркелген екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-деді ведомствадағылар.

Предыдущая запись
Шымкенттегі жаңа индустриалды аймақ 5 мың адамды жұмыспен қамтиды
Следующая запись
Алматыда студент жігіт 7-қабаттан құлап кеткелі тұрған екі жасар баланы құтқарып қалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню