«Пәтер алып беремін»: 21 шымкенттікті алдаған азаматша 4 жылға сотталды

Теги: ,
374

Шымкент қаласының тұрғыны екі жыл бойы азаматтарға «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алуға көмектесемін» деп алдап келген. Алаяқтың арбауына 21 тұрғын түсіп, жалпы сомасы 34 млн ақша берген.

Алаяқтықты кәсіп еткен 27 жастағы азаматша қала аумағында соғылып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерден танысы арқылы пәтер алып бере алатындығын айтып, елдің сеніміне кірген. Жарнамасы жер жарғандықтан көпшілік иланып, берген ақшаларын өз пайдасына жаратып отырған.

Ол сондай-ақ, балаларына қарау үшін үйіне жұмысқа алған азаматшаның банк кәртішкесін қолдануға алдап сұрап алып, ұялы телефонына оның қосымшасын орнатып алған. Содан басқа жәбірленушілердің ақшалары осы кәртішкеге түскен. Бұл туралы жәбірленуші кейіннен біліп, полицияға арызданған. Полицияның дерегінше, ол бұдан өзге жәбірленушілерден алған ақшаны да кездейсоқ адамдарға өтініш жасап, банкоматтардан шешіп жүріпті.

Ал уәде етілген үйге қолы жетпей, алданғанын білген тұрғындар полицияға арызданған. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында, куәлерден жауап алып, сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, банктік аударымдар тексеріліп, азаматшаның алаяқтық ісі дәлелденген.

Предыдущая запись
Түркістан облысында енесіне ренжіп, өз қызын суға тұншықтырған келіншек 15 жылға сотталды
Следующая запись
Түркістан облысы: ер адамды бопсалаған жас жігіт 3 жылға сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню